• Sembol CCOLA.IS
  • Son Fiyat TRY 49,78
  • Değişim 1,38%
TR | EN

Bizden Haberler

Bizden Haberler
CCI Kazakistan 3.2.1. Başla! Projesi’nin lansmanını Plastik ile Sanat Sergisi ile yaptı

CCI Kazakistan 3.2.1. Başla! Projesi’nin lansmanını Plastik ile Sanat Sergisi ile yaptı

22.02.2023

Plastic in Art. Алматыда өңделген пластиктерден жасалған бұйымдар көрмесі ашылды 

Plastic in Art, яғни өнердегі пластиктің «екінші өмірі» – бұл шынайы ғана емес  әрі әдемі, берік және кәдеге жарайтын жері көп. Бұл қызықты дизайнерлік шешімдер, ерекше өнер мен тұтынушылық жауапкершіліктің өткір мәселесіне деген жаңа көзқарас. 

Көрме жастардың бастамасын қолдауға бағытталған «3.2.1. Старт!» жобасының жаңа маусымының басталуына арналады. Көрмеге келушілердің барлығы «Forum» сауда орталығының фойесіндегі (Сейфуллин даңғылы, 617) сән және интерьер дизайнерлерінің өңделген пластиктерден жасаған жұмысын тамашалай алады, өнер-оқиғасы 3 мамырға дейін жалғасады. 

«3.2.1. Старт!» жобасын ұйымдастырушылар жаңа тенденцияларды да ескеріп және заман ағымына ілесе отырып, Coca-Cola Icecek Kazakhstan (CCI Kazakhstan) атынан биылдан бастап «3.2.1. Старт!» акциясын Қазақстан жастары арасында пластиктерді бөлек жинауға, оны өңдеуді дамытуға және насихаттауға бағыттайтын болады. 

Дәл осы өзгерістер компанияларға – 2030 жылға қарай компания шығарған пластиктерді 100% жинап алу міндеттемесін орындауға көмектеседі. 

 Компания осы мақсатпен 6 қалада Қазақстанның 10 жетекші университетінің студенттерін тартып, олармен бірге одан әрі қарай қалдықтарды екінші рет пайдаға жарату үшін сұрыптау мен жинау идеяларын әзірлеуді көздеп отыр. 

«3.2.1. Старт!» 8-ші жобасына қатысушыларды пластиктер жинау, өз университтеттерінде сұрыптау мен қайта өңдеу кестелері жөніндегі тапсырмалар күтіп тұр, ал ең жақсы идеялар байқауды ұйымдастырушылардың қаржылай қолдауының арқасында жоо қабырғасында жүзеге асырылмақ.  

Ең үздік идеялардың авторлары маусым аяғына қарай марапат ретінде пластиктерге «екінші өмір» сыйлау үшін оны қайта өңдеуден өткізе алатын қымбат жабықтардың толық желісіне ие  болады 

«Біз студенттермен бірлескен күш-жігеріміздің, Қазақстанның эко-қауымдастығының, бизнес және мемлекет өкілдерінің арқасында – бөлек жинауды енгізудің нәтижесінде – қайта өңдеу өнеркәсібін дамытудағы өз мақсатымызға жетудің көптеген қызықты жолдарын таба алатынымызға нық сенімдіміз. Бүкіл әлем айналмалы экономикаға ұмтылып отыр, және бізде оны Қазақстанда дамытудың барлық мүмкіндіктер бар деп есептейміз», –дейді CCI Kazakhstan компаниясының корпоративтік байланыстар мен тұрақты даму жобалары жөніндегі директоры Әлима Исембаева.  

CCI Kazakhstan компаниясы «3.2.1. Старт!» жобасынан да бөлек қоғамдастық пен жастардың назарын тұрмыстық қалдықтарды екіншілік пайдалану мәселесіне аударуды көздеп отыр. Plastic in Art көрмесі де осы мақсатты көздейтіндіктен, оған қайта өңдеуден өткен пластиктерден жасалған нешетүрлі экспонаттар қойылады.  

Ал көрмеге келушілер қалдықтарды неге сұрыптау қажеттігі, мұны үйде қалай жасауға болатындығы, жиналған шикізаттар қайда баратыны туралы білетін болады. Ең бастысы ұйымдастырушылар пластиктерге шикізет ретінде қарауды, оларға қалай «екінші өмір» сыйлауға болатындығы жайлы баяндайды. 

Мысалы, мәселен көрмеде ұсынылған Trashback-тен мөлдір ваза жасау үшін 29 пэт-бөтелке (пластик) қайта өңделген, ал бір NOA футболкасына 15 бөтелке қажет болған. Көрменің ең көрнекті экспонатының бірі – «3.2.1. Старт!» жобасының алдыңғы маусымында жеңіске жеткен Rocket Plastic командасы құлшына жасаған сәкі десек болады. 

Coca-Cola компаниясы мұның алматылықтар мен қала қонақтары қатысқан эко-марафон өткізіп, жастар қайта өңделген пластиктен сәкі жасап шығарған болатын.  

Осы арада тұрғындардың белсенділігінің, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігі мен PlastNet желісінің қолдауының арқасында 3 мың тоннадай пластик жиналғанын, оның бір бөлігінен алғашқы 6 пластик сәкіні жасалып, олардың Алматы қаласына сыйға тартылғанын, бұл сәкілерді М.Горкий атындағы саябақтан көруге болатынын айта кетуге болады. Ал қалғаны қайта өңдеуге жіберілген. Сондықтан компания осындай бастамаларды одан әрі қарай инвестициялауға ниет білдіріп отыр.  

CCI Kazakhstan компаниясы туралы 

CCI Kazakhstan газдалған және газдалмаған сусындарды Қазақстандағы The Coca-Cola компаниясына шығарады және сатады. Coca-Cola 1994 жылы құю ісін бастаған компания 2008 жылы Coca-Cola İçecek басқаруына өтті. 

2 зауыты мен 850-ден астам қызметкері бар CCI Kazakhstan 19 миллион халықты қамтамасыз етеді. Оның портфолиосында Coca-Cola, Coca-Cola Zero, Fanta, Sprite, Piko, BonAqua, FuseTea, Schweppes, Burn және Monster сияқты өнімдер бар.