• Sembol CCOLA.IS
  • Son Fiyat TRY 58,35
  • Değişim -1,60%
TR | EN

Bizden Haberler

Bizden Haberler
CCI Kazakistan 2030 Sürdürülebilirlik Taahhütleri için paydaşlarla buluştu

CCI Kazakistan 2030 Sürdürülebilirlik Taahhütleri için paydaşlarla buluştu

CCI Kazakhstan 2030 жылға дейінгі тұрақты даму міндеттемелерін орындау үшін мүдделі тараптармен кездесті 

Coca-Cola İçecek Kazakhstan (CCI Kazakhstan) Астана мен Алматыда БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкес келетін 2030 жылға дейінгі тұрақты дамуға қатысты өз міндеттемелері тақырыбында мүдделі тараптармен диалогтық семинарлар өткізді. 

Семинарларға әкімдіктердің, жеке кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың, жоғары оқу орындарының өкілдері, ССІ дистрибьюторлары мен тапсырыс берушілері, сонымен қатар экология және табиғатты пайдалану саласындағы беделді сарапшылар қатысты. 

Диалог орама, су, климат, адам құқықтары, әртүрлілік және инклюзияға қатысты CCI 2030 тұрақтылық міндеттемелері төңірегінде болды. Қатысушылар әлеуетті бизнес мүмкіндіктерді талқылап, Қазақстандағы ТДМ саласындағы серіктестік жобаларын жүзеге асыру туралы ұсыныстармен алмасты. Сондай-ақ сарапшылар мемлекет, бизнес және қоғам ТДМ-ды жүзеге асыру арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық өсуіне қаншалықты маңызды ұжымдық үлес қоса алатынын атап өтті. 

«Біз бұл мақсаттарға жету оңай болмайтындығын, ол үшін барлық мүдделі тараптардың, әсіресе мемлекет пен қоғамның күшті қолдауы қажет екенін түсінеміз. Бірақ біз бұл жолда жалғыз емес екенімізге нақты білеміз» — деді Алима Исембаева, CCI Kazakhstan корпоративтік және реттеу мәселелері және тұрақты даму жөніндегі директоры. 

Сондай-ақ, Исембаева ханым CCI өзі жұмыс істейтін барлық елдерде, соның ішінде Қазақстанда тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге міндеттенетінін атап өтті. Осы міндеттемелерді орындау үшін ССІ бірнеше жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Мысалы, 2030 жылға қарай CCI кем дегенде 50% қайта өңделген пластикті қолданып, 100% қайта өңделетін қаптамаға көшуді мақсат етуде. Сонымен қатар, CCI өз зауыттарының су тиімділігін 20%-ға арттыруға және нөлдік көміртекті өндіріске көшу үшін өндіріс орындарын 100% жаңартылатын электр қуатымен қамтуға міндеттенді. Сондай-ақ компания жаңадан қабылданған қызметкерлер арасында әйелдер үлесін 35%-ға, басшылық қызметтерде 40%-ға және атқарушы комитетте 50%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр.  

2030 жылға қарай CCI әйелдер мен жастардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған тұрақты даму бағдарламалары арқылы 3,5 миллион адамды қамтуға ниетті. 

«Тұрақтылық – біздің бизнесіміздің негізі. 2030 жылға дейін біздің осы міндеттемелеріміз біздің барлық іс-әрекеттерімізде көрініс табатын болады. Бұл міндеттемелер БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді және мүдделі тараптармен болған өзара қарым-қатынас жөніндегі кездесулердің маңыздылық талдауына негізделген. Бұл жолы біз мүдделі тараптарымызбен кездесіп, осы міндеттемелеріміз олардың ой-пікірлеріне, болашақ ықтимал ынтымақтастығымызға қаншалықты сәйкес келетінін түсінуге тырыстық» – деп түйіндеді Алима Исембаева.